пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас әкімші 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 20 тамызы.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

 Бас әкімшінің негізгі бағыты:  көрермендерді қабылдауға және қызмет көрсетуге көрермендер залын, театрлық ойын-сауық ұйымның құрамы үшін сахна сыртындағы бөлмелерді даярлайды, театрлық ойын-сауық ұйымдарының орынжайларында және оған жапсарлас аумақтарда тазалықты қамтамасыз етеді, жарнамалауды, бағдарламалардың, буклеттердің сатылымын ұйымдастырады;  көрермендерге, ұйым қызметкерлеріне қызмет көрсететін буфеттердің жұмысын қамтамасыз етеді, фойеде сауда нүктелерінің жұмысын ұйымдастырады; көшпелі спектакльдерді, концерттерді, цирк көрсетілімдерін ұйымдастыруға, гастрольдерді даярлауға және өткізуге қатысады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.

Білуі тиіс:  "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы»,  «Жарнама туралы» заңдарын.

 Бас әкімшінің  лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

         Конкурс Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген  «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға  сәйкес жүргізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:        

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.

7) Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 20 тамызы.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.