Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны суретші безендіруші 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 20 тамызы.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Суретші – безендіруші негізгі бағыты: шараның, жекелеген құрылымдардың, көрмелердің, стендттердің, баспа материалдарының көркем безендірілуінің сызбаларын жасауды жүзеге асырады және олар бойынша көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды; жаңа саябақ құрылыстары, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нысандарын қайта құру кезінде көркемдік-безендіру жоспарларын іске асыруға қатысады; мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының және олардың құрылыстарының көркемдік безендірілуін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
2) І санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
3) ІІ санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; көркемдік-безендіру жұмыстарының техникасы мен технологиясын, сурет техникасын, ең жаңа әрлеу құрылыс материалдарын және оларды безендіру жұмыстарында қолдану техникасын.
Суретші – декоратор лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.
7) Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 20 тамызы.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.






