пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекшісі 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың  20 тамызы.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет  және тілдерді дамыту   басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

 Көркемдік жетекшісіннің негізгі бағыты: театр ұжымдарына жалпы басшылықты жүзеге асыру; тұрақты орындарда, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, цирк көрсетілімдерінің) жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ету, жаңа қойылымдарды жасаумен және бұрын жасалған қойылымдарды жаңартумен, тұрақты, гастрольдік және шығармашылық сапарларда өнер көрсету кезінде оларды жалға берумен байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз ету; ағымдағы репертуар қойылымдары көрсетілімінің күнтізбелік жоспарларын қарастырады және бекітеді; белгіленген нормаларға сәйкес негізгі қойылымдардың көрсетілімін жүзеге асыру, авторлармен жаңа сахналық туындыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізу; ұжым жұмысының көркемдік қағидаттарын анықтау, ұзақ мерзімді репертуарлар жоспарларын, қойылымдар жасаудың жоспар-кестелерін бекіту; қойылым топтары мен орындаушылардың құрамдарын қалыптастыру; төраға ретінде көркемдік кеңестің жұмысын басқару; шығармашылық кадрлардың іріктелуін, орналастырылуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету; әртістік-көркемдік персоналдың шығармашылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, қызметкерлерді тарифтеу, ынталандыру туралы және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «өнер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша театрлық ойын-сауық ұйымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясың; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын; шығармашылық үдерістің әдіснамасын, режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен практикасын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, музыкалық өнер негіздерін, шетелдік театрлық ойын-сауық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін, классикалық және заманауи драматургияны білу.

 Көркемдік жетекшісіннің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

  Конкурс Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген  «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға  сәйкес жүргізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет  және тілдерді дамыту  басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:        

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.

7) Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың  20 тамызы.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.