пр-т. Абая, 115
схема проезда
+7 7262 45 22 58
обратная связь
inicon wap

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қойма меңгерушісі 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың  20 тамызы.

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Абай даңғылы  №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.

Қойма меңгерушісінің негізгі бағыты: қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, жылдық және тоқсандық түгендеу жүргізу тәртібін нақтылап , актілерді уақытылы тапсыру, материалдық жауапкершілік пен сақтау тәртібін күшейту, қоймадағы заттардың  өртке қарсы стандарттарға сәйкес сақталуын бақылау, қажетсіз, ескірген немесе  пайдаланылмай жатқан мүліктерді  есептен шығару процесін бастау, жоспарлы сатып алу жүйесін енгізу, қойма қызметін нақтылап бөлу



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы білім (экономикалық, заңгер, есеп немесе қойма ісі бойынша), еңбек өтілі кемінде 1 жыл қойма  немесе материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметтерде жұмыс тәжірибесі болған жөн

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын; қойма шаруашылығына , материалдық жауапкершілікке қатысты заңнамаларды,өртке қарсы қауіпсіздік , санитарлық-гигиеналық және еңбекті қорғау ережелері, материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, беру, есептен шығару рәсімдерін, инвентаризация жүргізу тәртібін, жауапты сақтау және сақтаныру ережелерін

Қойма меңгерушісінің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

  Конкурс Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген  «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға  сәйкес жүргізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)     еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.

7) Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың  20 тамызы.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.