Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны режиссердің көмекшісі 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 04 мамыры.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Режиссердің көмекшісі негізгі бағыты: жаңа қойылымдарды әзірлеуді және бұрын жасалған қойылымдарды жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысады; қойылымдардың (спектакльдердің, концерттердің, көрсетілімдердің) шығармашылық үдерісін ұйымдастырады; қойылымдар кезінде әртістердің сахнаға шығуын қамтамасыз етеді; жаңа және жаңғыртылатын қойылымдарды жүзеге асыруға дайындық кезінде қоюшы-режиссердің тапсырмаларын орындайды; дайындықтарды қажетті әдеби материалдармен (пьесалардың, рөлдердің мәтіндері) қамтамасыз етеді; дайындықтар мен қойылымдарды жарық, дыбыс әсерлермен қамтамасыз етеді; қойылым құрамы жұмыскерлерінің жұмыс уақытын, сондай-ақ әртістік персоналдың нормаларды орындау есебін жүзеге асырады; бас режиссердің шығармашылық қызметті жоспарлауға, ұйымдастыруға және есепке алуға байланысты тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) кадрларды дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) кадрларды дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) кадрларды дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) кадрларды дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын; режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен тәжірибесін, спектакльдерді (концерттік бағдарламаларды) сахналық және музыкалық безендіру негіздерін.
Режиссердің көмекшісі лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.






