Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны артист 1,5 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 04 мамыры .
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080000. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115 үй. Тел. (87262) 45-26-01.
Артистің негізгі бағыты: жаңа және жаңғыртылатын қойылымдардағы партияларды (рөлдерді) дайындайды; тұрақты орындардағы, гастрольдер мен сапарлардағы спектакльдерде, концерттерде, театрдың көріністерінде партияларды (рөлдерді) орындайды; дайындықтарға шығармашылық әзірлікпен келеді; вокалдық және актерлік шеберлігін шыңдай отырып, өз бетінше, сондай-ақ үйретушімен және концертмейстермен бірге жаттығады; жаңа шығармаларды, репертуарлық жоспарларды және шығармашылық қызметтің мәселелерін талқылауға қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; музыкалық сауаттылықты, негізгі музыкалық-теориялық пәндерді, актерлік шеберлік теориясын, сахна тілі және сахналық қимыл, хореография негіздерін, партия және рөлдердегі тренаж әдістерін.
Артистің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» интернет – сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы №115, тел.: 45-26-01.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2026 жылдың 04 мамыры .
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №115.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.






